Құрметті жерлестер! Қадірлі Панфилов ауданының тұрғындары!

Мен, Тәңірбергенова Нәзира Сейсенқызы, Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде өз сайлауалды бағдарламамды сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Менің басты мақсатым – округімізге қарасты тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал ету, сайлаушылармен үнемі ашық байланыста болып, олардың ұсыныс-тілектерін мәслихат сессиялары мен тиісті мекемелерге жеткізіп, нәтижелі орындалуына тікелей араласу.

Аудандық мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда, мен мына сегіз негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргіземін:

1. Заңдылықтың сақталуы және халық құқығын қорғау

Аудан көлемінде заңдылықтардың мүлтіксіз сақталуына, заңдарда белгіленген мемлекеттік жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектердің халыққа заң талаптарына сай әрі әділ берілуін қадағалаймын.

2. Ауыл шаруашылығын дамыту және экономикалық өсім

Ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіруге, өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, олардың сапасын арттыруға және аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бар күш-жігерімді саламын.

3. Әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі

Қарт адамдардың, балалары бар отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қызметтерге кедергісіз қол жеткізу құқығын қорғаймын.

4. Ардагерлер мен мұқтаж жандардың мүддесін жеткізу

Зейнеткерлер мен ардагерлердің, аналар мен балалардың, мүгедектігі бар азаматтардың, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардың мұң-мұқтаждарын тиісті құзырлы орындарға жеткізіп, олардың нақты шешілуін жүзеге асырамын.

5. Ана мен балаға және ерекше күтімді қажет ететін жандарға қамқорлық

Ана мен баланы қолдау бағытында көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектер мен медициналық мұқтаждықтардың сапалы орындалуына баса назар аударамын.

6. Қауіпсіз инфрақұрылым, спорт және мәдени мұра

Елді мекендерде жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануына және тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуына септігімді тигіземін. Сонымен қатар оқу орындарына бару жолдарында қауіпсіз жағдай жасау, балалар мен спорт алаңдарын дамыту мәселелерін көтеремін.

7. Сапалы білім, ұстаз мәртебесі және балаларға қамқорлық

Білім мен тәрбие беру ісін жақсарту мақсатында мұғалімдердің мәртебесін көтеруге, барлық балалардың мектепке толық тартылуын қамтамасыз етуге және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жан-жақты қамқорлық жасауға атсалысамын.

8. «Жастар – ел болашағы: Мүмкіндіктер мен қолдау»

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту, олардың алғашқы кәсіби тәжірибеден өтуіне және оқу орнын бітірген түлектердің мамандығы бойынша еңбекке орналасуына ықпал етемін. Сондай-ақ өңірге сұранысқа ие мамандарды даярлау және жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша берілетін микрокредиттер мен гранттар көлемін арттыруға қол жеткіземін.

Құрметті сайлаушылар!

Сіздердің сенімдеріңіз бен ұсыныстарыңыз мен үшін ең басты бағдар. Бірлесе еңбек етіп, туған өлкемізді бірге дамытайық!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *