Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!

Мен, Бурабаев Қайрат Берікұлы, Панфилов ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде өз сайлауалды бағдарламамды сіздерге ұсынамын. Менің басты мақсатым – аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және өңіріміздің тұрақты дамуына нақты үлес қосу.

Сайланған жағдайда мен бағдарламамның мына негізгі бағыттары бойынша жүйелі жұмыс істеймін:

1. Газдандыру, жылу жүйесі және нысандарды жаңарту

Елді мекендерді газдандыру мәселесін кезең-кезеңімен шешуге ықпал етемін. Жылу жүйелерінің жағдайын жақсарту, қысқы маусымға дайындықты күшейту және жөндеуді қажет ететін нысандар мәселесін жауапты мекемелер алдында көтеремін.

2. Сапалы білім ортасы және жастарды қолдау

Мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында еңбек етемін. Жастардың сапалы білім алуына және олардың бастамаларына қолдау көрсетемін.

3. Шағын және орта бизнесті өркендету

Шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасауға ықпал етемін. Кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін тиісті органдарға жеткізіп, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың халыққа қолжетімді болуына атсалысамын.

4. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек

Аз қамтылған және қиын жағдайға тап болған отбасылардың мәселелерін үнемі назарда ұстаймын. Мұқтаж азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктерін түсінуіне және тиісті мекемелерге жүгінуіне жәрдемдесемін.

5. Қарттар мен зейнеткерлерге қамқорлық

Қарттардың өтініштерін тыңдап, әлеуметтік және медициналық қызметтерге қолжетімділік мәселелерін көтеремін. Жалғызбасты зейнеткерлерге қолдау көрсетуге, олардың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал етемін.

Құрметті жерлестер!

Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдау, әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарау, ашық жұмыс істеу және көтерілген мәселелердің шешілуін бақылау – менің жұмысымның негізгі өзегі. Бірлігіміз бекем, ауданымыз көркейіп, тұрғындарымыздың тұрмысы жақсарсын! Бірге әрекет етсек, Панфилов ауданының дамуына нақты үлес қоса аламыз!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *