Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Қаламыздың өндірістік қуатын арттыруға, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге және өнеркәсіп саласына жаңа серпін беруге бар күш-жігерімді саламын. Нақты нәтиже пен жүйелі өндіріс – менің жұмысымның басты мақсаты.

Бүгінгі таңда қалада 52 өнеркәсіп кәсіпорны тіркеліп, табысты жұмыс істеп тұр. Осы әлеуетті одан әрі дамытып, алдымызда тұрған мынадай ауқымды міндеттерді жүзеге асырамыз:

Өнеркәсіп көлемін ұлғайту: Қаланың өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыруға, жоспарланған 38 млрд теңге көрсеткішіне қол жеткізуге және жаңа инвестициялық жобаларды жан-жақты қолдауға атсалысу.

Энергетикалық кешенді жаңғырту: Текелі энергокешенін түбегейлі жаңғырту, заманауи бу-газ қондырғыларын іске қосу (жалпы қуаттылығы 53 МВт, 48 Гкал/сағ жеткізу) жұмыстарының сапасы мен мерзімін қатаң депутаттық бақылауда ұстау.

Ірі инфрақұрылымдық жобалар: «ЭнергоБилдСервиспен» бірлесе отырып, Рудничный ауылында ГЭС-1 салу (2027 жылғы мамырда іске қосылады) сияқты маңызды жобалардың сәтті жүзеге асуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.

Жұмысшы мамандықтарын қолдау: Өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген білікті маман кадрларға жағдай жасау, жастарды жұмысшы мамандықтарына баулу және кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.

Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Қаланың экономикалық дамуы мен өндірістік жобалардың жүзеге асу барысы жөнінде тұрғындар алдында тұрақты түрде ашық есеп беріп отыру.

Өндірісі өркендеген, экономикасы тұрақты әрі мүмкіндіктері мол қаланы бірге құрайық!

Құрметті жерлестер!

Әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!

Сайлауға келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *