
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!
Көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры мен қасбеттерін жөндеу, жолдарды ретке келтіру және қаланы жан-жақты абаттандыру ісін жүйелі түрде жүргізуді басты міндетім деп санаймын. Әрбір шаңырақтың жайлылығына бағытталған нақты нәтиже – менің басты ұстанымым.
Алдымызда тұрған нақты міндеттер мен басымдықтар:
Тұрғын үй қорын жаңғырту: 2023 жылдан бері басталған ауқымды жұмыстарды жалғастыра отырып, биылғы жылдың өзінде шатыры мен қасбеті жаңартылған 15 көпқабатты тұрғын үйдің сапалы орындалуын және ұзақ мерзімге қызмет етуін қатаң депутаттық бақылауда ұстау.
Рудничный ауылының тұрғын үйлері: Рудничный ауылындағы 14 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырлары мен инженерлік жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету.
Жолдар мен көлік қатынасы: Қала көшелері мен шеткі аумақтардағы жолдарды асфальттау, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар мен көше жарықтандыру жүйелерін орнату жұмыстарын назарда ұстау.
Қалалық орта және абаттандыру: Қала көшелері, аулалар мен балалар алаңдарының тазалығын, абаттандырылуын және көгалдандырылуын тұрақты бақылауда ұстап, «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді қолдау.
Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Тұрғын үй-коммуналдық салаға бөлінген қаржының тиімді игерілуі мен атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындар алдында ашық есеп беріп отыру.
Текелі – әрбір үйі мен ауласы жайлы, таза әрі қауіпсіз қала! Бірлесе еңбек етейік!
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!
Тұрақтылық пен нақты істер үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!