Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Туған жерімнің әрбір тұрғынының әлеуметтік жағдайын көтеруді, тұрмыс сапасын жақсартуды басты міндетім деп білемін. Әрбір отбасыға нақты көмек көрсету – менің басты бағытым.

Бүгінгі таңда қалада экономикалық белсенді халық саны 18 мың адамды құрайды. Осы әлеуетті арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында алдымызда мынадай нақты міндеттер тұр:

Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындары: Қалада тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздар санын азайту шараларын қатаң депутаттық бақылауда ұстау (жыл басынан бері жүздеген жаңа жұмыс орны мен тиімді мемлекеттік бағдарламалар іске қосылуда).

Тұрғын үй мәселесін шешу: Көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топтарға және жас маман-отбасыларға баспана алу кезегінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлердің уақытылы берілуін қадағалау.

Әлеуметтік көмек пен қолдау: Атаулы әлеуметтік көмек түрлерінің және басқа да мемлекеттік қолдаулардың нақты мұқтаж отбасыларға толық әрі кедергісіз жеткізілуін қатаң қадағалауға алу.

Халықпен кері байланыс: Тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін дер кезінде қарау үшін ашық қабылдаулар өткізіп, әрбір азаматтың мәселесін шешуге ықпал ету.

Ардақты ағайын!

Әрб тұрғынның жайлы өмір сүруі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!

Әлеуметтік әділдік пен тұрақты даму үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *