
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!
Қаламыздың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін — ауыз су, кәріз және жылу желілерін түбегейлі жаңғырту жұмыстарын басты назарда ұстаймын. Әрбір үйге жылу мен таза су жеткізуге бағытталған нақты істер – менің негізгі бағытым.
Нақты міндеттер мен басымдықтар:
Ауыз сумен үздіксіз қамту: Ұлттық жоба аясында «Металлург» және «Алатау» шағынаудандарында басталған су желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң депутаттық бақылауға алу.
Кәріз және инженерлік инфрақұрылым: «Алатау» шағынауданындағы 7 шақырым кәріз желілерін қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы аяқтауды және осы бағыттағы 2-3 кезең жобаларының толық іске асырылуына жан-жақты ықпал ету.
Жылу желілерін жаңғырту: Қысқы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін «Металлург» шағынауданындағы 19 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жобасын сапалы жүзеге асыруды қадағалау.
Абаттандыру және көшелерді қалпына келтіру: Инженерлік желілерді тарту және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін шағынаудандардағы қазылған көшелер мен аулалардың асфальт жабындысын қалпына келтіруді талап ету.
Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Коммуналдық салаға бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалап, атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындар алдында тұрақты түрде ашық есеп беру.
Қуатты Текелі – инженерлік желілері жаңарған, тұрмысқа жайлы қала! Бірлесе еңбек етейік!
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Әрбір отбасының әл-ауқаты мен қаламыздың тұрақты дамуы – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!
Сайлауға келіңіздер, тұрақтылық пен нақты нәтиже үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!