Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Қаламыздың өркендеуіне, әсіресе өскелең ұрпақ пен жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасауға бар күш-жігерімді саламын. Құрғақ уәде емес, күн сайын көрінетін нақты нәтиже – менің басты ұстанымым.

Бүгінгі таңда қалада 56 дене шынықтыру және спорт нысаны табысты жұмыс істейді. Осы әлеуетті одан әрі арттырып, алдымызда мынадай нақты міндеттерді жүзеге асырамыз:

Бұқаралық спорт көрсеткішін арттыру: Қала халқының, әсіресе балалар мен жастардың спортпен тұрақты түрде шұғылданатын үлесін қазіргі 37,7%-дан жоғары деңгейге көтеруге белсене атсалысу, түрлі спорттық жарыстар мен турнирлер ұйымдастыру.

Жастарды жұмыспен қамту және қолдау: Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар арқылы (жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Күміс жас» және басқа да бағыттар) жас мамандарды тұрақты жұмысқа орналастыру ісін қатаң депутаттық бақылауда ұстау.

Спорттық инфрақұрылымды жаңғырту: Қаладағы қолданыстағы спорт нысандарының жұмысын жетілдірумен қатар, жаңа спорттық алаңдар мен балалар ойын кешендерінің сапалы салынып, халық игілігіне берілуін қадағалау.

Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Атқарылған жұмыстар мен бөлінген бюджет қаржысының игерілуі жөнінде тұрғындар алдында тұрақты түрде ашық есеп беріп отыру.

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!

Сайлауға келіңіздер, салауатты болашақ пен нақты істер үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *