
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тазалықты сақтау және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы нақты жобаларды жүзеге асыруды мақсат тұтамын. Бұл жай уәде емес, күн сайын көрінетін нақты нәтиже.
Алдымызда тұрған нақты міндеттер мен басымдықтар:
Су тасқынынан қорғау және қауіпсіздік: Тұрғын үйлерді су басу қаупін толық жою мақсатында «Бәйбіше» магистралды каналын күрделі жөндеуден өткізу (жалпы құны 1 млрд теңге, қазіргі таңдағы дайындығы 40%) жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қатаң депутаттық бақылауға алу.
Ауыл шаруашылығы мен су ресурстары: Көршілес Ескелді ауданының 272 гектар ауыл шаруашылық жерлерін үздіксіз суармалы сумен қамтамасыз етуге және осы бағыттағы инфрақұрылымды жақсартуға жан-жақты ықпал ету.
Экология, тазалық және көгалдандыру: «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қала аумағын, көшелер мен аулаларды әрдайым таза ұстау, қоқыс шығару мәселелерін реттеу және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу.
Коммуналдық қызмет сапасы: Қала тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (су, жарық, жылу) үздіксіз жұмыс істеуін қадағалап, туындаған мәселелерді жедел шешуге атсалысу.
Ашық есептілік және халықпен кері байланыс: Атқарылған жұмыстар мен бөлінген бюджет қаржысының игерілуі жөнінде тұрғындар алдында тұрақты түрде ашық есеп беріп отыру.
Туған қаламыздың ертеңі, әрбір шаңырақтың әл-ауқаты мен жайлы өмірі біздің бүгінгі таңдауымызға тікелей байланысты. Құрғақ уәде мен бос сөзге сенетін уақыт емес, нақты іс атқаратын, күн сайын нәтиже көрсететін кезең келді!
Сапалы жолдар мен жарық көшелер;
Тұрғын үймен қамту және әлеуметтік қолдау;
Жастарға жаңа мүмкіндіктер мен жұмыс орындары;
Тап-таза экология мен жайлы аулалар – бәріміздің ортақ мақсатымыз!
Өз болашағымызға бей-жай қарамайық! Қаламыздың дамуына үлес қосып, әділетті шешім қабылдайтын күн – сайлау күні.
Дауыс беріңіз! Өз таңдауыңызды жасаңыз! Біз бірге қуатты Текеліні құрамыз!