Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын түбегейлі жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және өндірістік әлеуетті арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырамын.

Алдымыздағыміндеттер мен басымдықтар:

Жол инфрақұрылымын жаңғырту: Қала жолдарын жөндеуге бағытталған масштабты жобалардың, атап айтқанда, Қонаев көшесінің 6 шақырымына күрделі және 12 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяғына дейін жеткізілуін қатаң депутаттық бақылауға алу.

Жол сапасын арттыру көрсеткіші: Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде қалалық жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 80%-дан 93%-ға дейін жеткізуді және олардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстау.

Кәсіпкерлік пен инвестиция: Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларын (гранттар, жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар) жергілікті кәсіпкерлердің тиімді пайдалануына жан-жақты ықпал ету.

Өндірістік әлеует пен жаңа жұмыс орындары: Қаладағы өндіріс орындарының жұмысын жандандырып, инвестициялық жобаларды қолдау арқылы тұрғындарды, әсіресе жастарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге атсалысу.

Ашық есептілік және тұрғындармен байланыс: Халықтың пікірін ескере отырып, атқарылған жұмыстар мен бөлінген қаржының игерілуі жөнінде тұрғындар алдында ашық есеп беріп отыру.

Текелі – сапалы жолдары мен дамыған экономикасы бар жайлы қала! Бірлесе еңбек етейік!

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!

Даму мен нақты істер үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *