
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!
Әлеуметтік сала мен тұрғын үй мәселелерін жүйелі түрде шешуге басымдық беремін. Халықтың әл-ауқатын жақсарту – күн сайын атқарылар нақты жұмыстың нәтижесі. Соңғы үш жылда қалада әлеуметтік осал топтардан 198 отбасы жаңа пәтермен қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстаймын.
Тұрғын үймен қамту және қолдау: Жыл соңына дейін Сейфуллин көшесіндегі 60 пәтерлі кредиттік тұрғын үй мен инвесторлардың есебінен салынып жатқан көпқабатты үйлердің уақытылы аяқталып, тұрғындарға сапалы түрде берілуін қатаң депутаттық бақылауға алу.
Білім беру саласын дамыту: Рудничный ауылындағы 200 орындық жаңа мектеп құрылысының сапасы мен мерзімін, сондай-ақ №3 орта мектептің сейсмокүшейту жұмыстарының қауіпсіздік талаптарына сай орындалуын қадағалау. Балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау.
Денсаулық сақтау сапасын арттыру: Қалалық ауруханаға жақында алынған заманауи медициналық жабдықтардың (санитарлық көлік, плазмалық стерилизатор және цифрлық рентген аппараты) тұрғындарға үздіксіз әрі тиімді қызмет көрсетуін бақылауда ұстау.
Халықпен кері байланыс: Азаматтардың өтініш-шағымдарын жедел қарастырып, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға заң аясында қолдау көрсету тетіктерін кеңейту.
Әрбір отбасыға қамқорлық пен әлеуметтік тұрақтылық қаласы! Бірлесе еңбек етейік!
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!
Әлеуметтік тұрақтылық пен даму үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!