
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!
Жас маман ретінде қаламыздың экономикалық әлеуетін көтеруге, заманауи шешімдерді енгізуге өз үлесімді қосуға дайынмын. Қалада бүгінгі таңда 1 482 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі табысты жұмыс істейді — бұл көрсеткішті одан әрі арттырып, экономикамызды нығайтуға бағытталған нақты жұмыстар атқарамыз. Құрғақ уәде емес, күн сайын көрінетін нақты нәтиже — менің басты ұстанымым.
Кәсіпкерлік пен инвестиция: Инвестициялық жобалардың көлемін арттыруға жан-жақты қолдау көрсету, шағын бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдау тетіктері мен жеңілдетілген қаржыландыру алу жолдарын түсіндіру және жәрдемдесу.
Жұмыспен қамту және жастар саясаты: Жастар мен жұмыссыздарды тиімді мемлекеттік бағдарламалар (жастар практикасы, «Күміс жас» және қоғамдық жұмыстар) арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру көрсеткішін арттыру, жас мамандарға қолдау көрсету.
Цифрландыру және білім беру: Қаланың білім беру ұйымдарындағы компьютерлік техника мен заманауи оқыту жүйелерін жетілдіру (қазірдің өзінде 1 компьютерге келетін оқушы саны 2,3 құрайды – бұл көрсеткіштің сапасын сақтай отырып, мектептерді цифрлық құралдармен толық қамтамасыз етуді бақылауда ұстау).
Ашық диалог және әлеуметтік жауапкершілік: Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді шешу үшін билік пен халық арасында сенімді көпір болу.
Текелі – жайлы әрі экономикасы тұрақты қала! Бірлесе еңбек етейік!
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Әрбір отбасының әл-ауқаты мен қаламыздың жарқын болашағы – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!
Сайлауға келіп, нақты істер мен даму үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!