
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!
Жоғары білімді маман ретінде қаламыздың әрбір ауласын жайлы, қауіпсіз әрі әрбір тұрғын үшін қолайлы етуге бар күш-жігерімді саламын. Құрғақ уәде емес, нақты нәтиже мен жүйелі жұмыс – менің басты ұстанымым.
Алдымызда тұрған нақты міндеттер мен басымдықтар:
Абаттандыру және балалар алаңдары: Биыл аяқталған 25 балалар ойын алаңдарын және шағынаудандардағы 10 ауланы күтіп-ұстау, жөндеу және толықтай іске қосу жұмыстарын қатаң депутаттық бақылауға алу.
Көшелерді жарықтандыру: Қаланың барлық шағынаудандарындағы көшелерге орнатылып жатқан жарықтандыру тіректерінің уақытылы әрі сапалы іске қосылуын қамтамасыз ету (тұрғындардың қауіпсіздігі үшін).
Жаяу жүргіншілер мен демалыс аймақтары: Орталық алаң, арбат және орталық саябақты жөндеуге, жаңғыртуға бағытталған жобалардың сапасын қадағалап, қала тұрғындарының мәдени демалуына қолайлы жағдай жасау.
Әлеуметтік қолдау және салауатты өмір салты: Жастардың спортпен шұғылдануына арналған спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру, көөпбалалы отбасылар мен қарт тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету.
Қуатты Текелі – жайлы әрі қауіпсіз қала! Бірлесе еңбек етейік!
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Әрбір отбасының әл-ауқаты мен қаламыздың көркейе түсуі – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың дамуы үшін барлық мүмкіндікті жұмсаймын!
Біздің таңдауымыз – сапалы білім, мықты денсаулық және тұрақты даму!