
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!
«ӘДІЛЕТ» партиясының атынан ұсынылған кандидат ретінде қаланың коммуналдық саласын түбегейлі жаңғыртуды, әрбір тұрғын үшін қолайлы әрі қауіпсіз тіршілік ортасын қалыптастыруды басты мақсат тұтамын. Нақты нәтиже мен жүйелі жұмыс – менің басты ұстанымым.
2026-2031 жылдарға арналған басты бағыттарым мен міндеттемелерім:
Коммуналдық жүйелерді жаңғырту: Қаладағы тозған жылу, су және электр желілерін кезең-кезеңімен жаңарту, осы бағыттағы жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуын қатаң депутаттық бақылауға алу.
Тұрғын үй қоры мен аумақтар: Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары, жертөлелері мен инженерлік коммуникацияларын жөндеу мәселелерін тиісті орындар алдында көтеріп, оң шешілуін ілгерілету
Экология және абаттандыру: «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қала көшелерін, аулаларды таза ұстау, жарықтандыру жүйелерін жақсарту және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу.
Ашық есептілік және қаржы бақылауы: Бюджет қаржысының халықтың игілігі үшін ашық әрі тиімді жұмсалуын қадағалап, атқарылған жұмыстар жөнінде халық алдында тұрақты түрде есеп беру.
Қуатты Текелі – жайлы өмір! Бірлесе еңбек етейік!
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Әрбір отбасының әл-ауқаты мен қаламыздың тұрақты дамуы – біздің ортақ мақсатымыз. Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Сайлауға қатысып, жарқын болашақ үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!