Алакөл ауданына қарасты Екіпнді ауылындағы дауыс беру учаскелері маңында тұрғындардың көңіл-күйін көтеру, және белсенділіктерін арттыру мақсатында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, шахмат ойындарында ауыл тұрғындары өзара сайысқа түсті.
Ал референдумда дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдірген Екпінді ауылының тұрғыны Қазығұл Баядилов: «Еліміз үшін маңызды шешім қабылданатын уақытта біз де өз дауысымызды бердік»,- деді.