Талдықорғандық жастар референдум күні белсенділік танытты. Олар өздернің сайлау учаскелеріне самокатпен келіп таңдауларын жасады. Жаңашылдыққа жаны жақын жастардың бұл әрекеті көпті қызықтырды.
– Бүгін еліміз үшін маңызды күн. АЭС-тің салынуына байланысты халық арасында әр түрлі таластар, сан түрлі пікірлер айтылды. Жастардың тарапынан жұрттың назарын референдумға аудару үшін осындай әрекетке бардық. Жастардың қаны қызу ғой, сондай шабытпен келіп дауысымызды бердік. Бұлай істеуді жастар өзара ақылдасып шештік, – дейді Талдықорған «Жастары» филиалының жетекшісі Еркебұлан ЖАҚАН.