Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі №57 дауыс беру учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Меңдібай Хусинов дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді.
Өмірінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз референдумның маңыздылығын толықтай түсініп, өзінің немересімен бірге ел болашағы үшін таңдауын жасады.
– Жуырда ғана Үшарал қаласына қоныс аудардым. Құжаттарымды реттеп үлгермегендіктен тіркелген мекенжайым Арқарлы ауылында қалды. Алпыс шақырым жерден референдум үшін арнайы келіп, өзімнің таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін, ұрпағым үшін жасалған таңдау деп білемін, – деді ардагер ұстаз.