Биылғы 31 наурызда Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау жүріп жатыр. Осыған орай, мен – Камолданова Жазира Ғылымханқызы өз кандидатурамды ұсынудамын.
Сайлауалды бағдарламам бойынша аталған сайтта «Зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін» атты мақаламда аша баяндаған болатынмын. Бұл жолы өзімнің жүріп-өткен жолымды жазсам деймін:
Мен Камолданова Жазира Ғылымханқызы 1973-ші жылдың 25 маусымында бұрынғы Талдықорған, қазіргі Жетісу облысының Ақсу ауданы, Қарашілік ауылында шопандар отбасында дүниеге келдім.
Қарашілік ауылының 8-жылдық мектебінде оқыдым. 1988-1992-ші жылдар арасында Жаркент педагогикалық колледжінің Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын оқып шықтым.
Еңбек жолымды мамандығым бойынша бастадым. Атап айтсам:
1992-1998 жылдары Ақсу ауданы Жансүгіров кетіндегі Сиқымов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі;
2008-2014-ші жылдары Талдықорған қаласындағы 1-ші Ясли балабақшасында тәрбиеші;
2014-ші жылы «Айша бибі” Талдықорған аймағы бойынша аналар Қоғамдық бірлестігінің төрайымы;
2015-ші жылы ,,Әділет TLD” жергілікті кәсіподақ “Қоғамдық бірлестігін, 2017-ші жылы ,,Жылы-ұя” қоғамдық қайырымдылық қорларын және 2023-ші жылы ,,Жетісу облысының қоғамдық палатасы” Қоғамдық бірлестіктерінің басшысы;
ҚР Президентінің жарлығымен 2009-шы жылы ,,Күміс алқа” және ,,Алтын алқа” ордендерімен марапатталдым. 8-бала өмірге әкеліп тәрбиелеп отырған көп балалы анамын.
Соңғы 10-жылда аталған бірлестіктерді басқара отырып, қаламыздағы және облыс көлемінде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге ат салысып келемін.
Қаламызда 50-ден аса әлеуметті осал топтағы отбасылардың баспаналы болуларына ықпал еттім.
Әр аудандардан филиалдарымды ашып, аудан және ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының жақсаруына ықпал ету жұмсын бастадым.
Сайлауалды бағдарламамда көптеген аспектілермен қатар, төмендегі параметрлерге де тоқталып өттім.
1. Этносаралық татулық пен келісімді қорғауда:
— Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлікте қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу;
— Талдықорған қаласында мемлекеттік тілдің аясын барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға бастамашы болу;
— Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсету.
2. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде:
— Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру.
Сондықтан мен жерлестерімді алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, елімізді дамытудың азаматтық қоғамның дамуына ат салысып жүрген өзін-өзі ұсынған кандидаттарыңызға дауыс беруге шақырамын.
Таңдауларыңызды дұрыс жасаңыздар!