Демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жағалау аумағында кешенді жұмыстар жүргізілді.

Бүгінде Ақши және Көктұма ауылдарында орналасқан 320 демалыс орны туристерге қызмет көрсетуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағалауда 14 құтқарушы мен 11 моторлы қайық тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарына 50 полиция қызметкері, 16 автокөлік және 5 дрон жұмылдырылған.
Демалушыларға жедел медициналық көмек көрсету үшін Ақши ауылында дәрігерлер мен жедел жәрдем бригадасы қызмет етсе, Көктұма ауылында медицина қызметкерлері мен санитарлық автокөлік кезекшілік етеді.
Жағалау бойында 40 құтқару мұнарасы орнатылып, 13 шақырым буй желісі тартылды. Сонымен қатар 39 бейнебақылау камерасы іске қосылып, 7 пирс пайдалануға берілді.
Туристердің жайлылығы үшін 44 киім ауыстыратын кабина, 24 модульдік дәретхана және 45 биодәретхана орнатылған. Тазалықты сақтау мақсатында «Алакөл Тазалық» кәсіпорны құрылып, 49 қызметкер мен 22 арнайы техника жұмысқа тартылды. Сондай-ақ жағалау аумағына 720 қоқыс контейнері орналастырылды.
Осылайша Алакөл жағалауында қауіпсіз, жайлы әрі таза демалыс ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдай жасалып, туристік инфрақұрылым жүйелі түрде жетілдірілуде.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *