Жетісу облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында заңға құрметті арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» атты облыстық жасанды интеллект фотосуреттер байқауы өтті.

Аталған байқау заманауи технологиялар мен шығармашылықты ұштастыра отырып, қоғамдағы құқықтық тәртіптің маңызын кеңінен насихаттауға бағытталды. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарының көмегімен заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлін, қауіпсіз ортаның маңызын, жастардың азаматтық жауапкершілігін және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын көркем әрі мазмұнды фотожұмыстар арқылы бейнеледі.

Байқауға облыстың белсенді жастары, студенттер, оқушылар және шығармашыл азаматтар қатысты. Олар өз жұмыстарында қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық, адалдық, тәртіп, киберқауіпсіздік, жастар тәрбиесі және қауіпсіз болашақ тақырыптарын жан-жақты ашып көрсетті.

Қазылар алқасының құрамында «Jetisu jastary» КММ директорының орынбасары Сәрсекбай Ақылұлы, «Ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Алмекеев Адилет және PR бөлімінің басшысы Хамзат Сағиев болды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық технологияларды шығармашылық бағытта тиімді қолдануға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Сонымен қатар қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану тәжірибесімен бөлісіп, цифрлық технологиялардың қазіргі қоғамдағы рөліне тоқталды. Жастар арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *