Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылының Алтынемел орта мектебінде «Кербұлақ жастары» филиалының ұйымдастыруымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Адалдық жолдауы» атты акция өтті. Аталған шараның басты мақсаты – қоғамда адалдық, әділдік және құқықтық мәдениет құндылықтарын қалыптастыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға деген құрметті нығайту болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға адалдық пен әділдіктің қоғам дамуындағы маңызды рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру жөнінде жан-жақты мағлұмат берілді.
«Адалдық жолдауы» акциясы оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеруге, олардың бойында әділдік, парасаттылық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік шаралардың бірі болды.
