Жетісу облысында 2026 жылы газдандыру бойынша төрт жоба іске асырылады, нәтижесінде төрт ауылдық елді мекендегі қосымша 10 мың адам табиғи газға қол жеткізеді, ал газдандыру деңгейі 68,6%-ға дейін өседі. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.

2027 жылы 134 мың тұрғыны бар тоғыз елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда, соның нәтижесінде газдандыру деңгейі 87,9%-ға жетеді. Сонымен қатар «Текелі энергия кешені» ЖШС-н жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкімет Талдықорғандағы жылумен жабдықтау нысандарының құрылысын аяқтауға қаражат бөлді. Қаржыландыру қаланың жаңа Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы қазандық пен жылу желілерін салу жобаларын аяқтауға бағытталған. Жобаларды іске асыру Болашақ, Көктем, Бірлік және Құлагер шағын аудандарындағы жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз етеді. Қыркүйек айында қуаттылығы 49 Гкал/сағ болатын жаңа қазандықтың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ күзде қазандықтың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданының жылу желілерін салу жобасы мәресіне жетеді. Нәтижесінде жаңа шағын аудандардың 20 мың тұрғыны сенімді жылумен қамтамасыз етіледі.

Бұған дейін Қарағанды мен Теміртаудағы 16 500 жеке тұрғын үйге газ тарату желілері тартылып, іс жүзінде 7500-ден астам абонент газға қосылғаны хабарланған болатын. Энергетика министрлігі атап өткендей, 2026 жылы елімізде тағы 32 мың қазақстандықты газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы мақсатта газдандыру бойынша 40 жобаны іске асыру көзделіп отыр.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *