Қаратал ауданында «Халықтық Конституция — құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында дебат ойыны өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның қоғамдағы маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жастардың сыни ойлау және шешендік қабілеттерін дамыту болды.
Міндеттері қатарында Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін насихаттау, жастардың заңға деген құрметін арттыру және құқықтық білімін жетілдіру, пікірталас мәдениеті мен шешендік өнерін дамыту, азаматтық белсенділік пен патриоттық көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы интеллектуалдық орта қалыптастыру көзделді.
Дебат барысында қатысушылар Конституциялық реформалардың маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық мемлекет қағидаттары туралы өз пікірлерін білдіріп, өзара ой алмасты. Олар өз көзқарастарын нақты дәлелдер арқылы қорғап, пікірталас мәдениеті мен шешендік шеберліктерін көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. III орынды «Сұңқар» командасы, II орынды «Жастар» командасы, I орынды «Қаратал қырандар» командасы иеленді.
Бұл іс-шара жастардың құқықтық білімін жетілдіруге, азаматтық белсенділігін арттыруға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.