Кербұлақ ауданының Малайсары жағажай футбол клубының ойыншылары бүгін референдумға келіп, бір ауыздан өз дауыстарын берді.
Командалық рух пен бірлік тек спорт алаңында ғана емес, қоғамда да маңызды екенін дәлелдеген команда мүшелері өз азаматтық позицияларын көрсетіп, ел болашағына бей-жай қарамайтындықтарын танытты.
– Біздің команда үшін бірлік пен жауапкершілік әрқашан басты құндылық. Бүгін біз өз даусымызды беріп, елдің дамуына өз үлесімізді қостық, – деді клуб өкілдері.
Малайсары футбол клубының белсенділігі қоғамдағы азаматтық ұстанымның, жастардың жауапкершілігінің және командалық рухтың жарқын көрінісі болып отыр.