Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының дәстүрлі әншісі, халықаралық “Мен Қазақпын” жобасының лауреаты Бейбіт Мұсаев 15 наурыз күні өткен референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымын көрсетті.
Өнер иесі ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысып, өз дауысын берді.
– Әр азаматтың дауысы – ел тағдыры үшін маңызды. Сондықтан баршаңызды референдумге қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын, – деді әнші.
Референдум – еліміздің болашағына әсер ететін стратегиялық қадам. Сондықтан әрбір азаматтың белсенділігі ерекше мәнге ие болып, қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің көрінісі болып табылады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *