Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда аудан тұрғындары белсенділік танытуда. Солардың қатарында аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары – Әділқожаевтар отбасы да бар.
Аталған отбасы Жамбыл ауылының №258 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Әулеттің үлкендері де, жас буын өкілдері де бүгінгі маңызды саяси науқанға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді.
Отбасы мүшелерінің айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әрбір азамат өз дауысын беріп, қоғам өміріне белсенді араласуы тиіс.
Әділқожаевтар отбасының дауыс беруге бірге келуі – отбасы бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.