Облыс орталығы Талдықорғанда «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының өкілдері республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Этномәдени орталық мүшелері референдум учаскелеріне келіп, елдегі маңызды саяси оқиғаға азаматтық белсенділік танытты.

Олардың айтуынша, мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге халықтың қатысуы қоғамның дамуына ықпал етеді. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін атап өтті.

«Біз Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат сияқты елдің тұрақтылығы мен дамуына бейжай қарамаймыз. Сондықтан бүгін келіп, өз дауысымызды бердік», – деді орталық өкілдерінің бірі.

Айта кетейік, Талдықорғанда түрлі этномәдени бірлестіктердің референдумға қатысуы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың нығаюына өз үлесін қосуда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *