15 наурыз 2026 жыл – мемлекетіміздің тарихындағы айтулы белестердің бірі. Бүгінгі республикалық референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халықтың саяси белсенділігі ерекше байқалуда.
Мен бүгін байқаушы ретінде дауыс беру барысын жіті қадағалап отырмын. Таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде халықтың қарасы қалың. Азаматтардың кезекке тұрып, өз таңдауларын жасауға асығуы – ел болашағына деген бейжай емес, керісінше, зор жауапкершіліктің белгісі. Бұл қоғамдағы азаматтық сананың жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартады.
Осындай маңызды тарихи сәтте халқымыздың бірлігі мен ұйымшылдығы көңіл қуантады. Дауыс беру процесі заң аясында, ашық әрі демократиялық принциптерге сай өтуде.
Әлі де таңдау жасамаған азаматтарды референдумға қатысып, өз дауысын беруге шақырамын. Есіңізде болсын, ел болашағы – әрқайсымыздың өз қолымызда!