Қазақстан Республикасының құрметті азаматы – Қазақстанның Халық әртісі А.Кенжебекова 15 наурыз күні өткен референдумға қатысып, өз азаматтық позицияларын көрсетті.
Дауыс беру арқылы еліміздің дамуы мен болашағына бейжай қарамайтындықтарын дәлелдеді. Мұндай белсенділік қоғам үшін үлгі болып, азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші ретінде бағаланады.
«Болашақ ұрпақ үшін дауыс беру – әр азаматтың парызы», – деді Алмахан апа.
Референдум – әрбір азаматқа мемлекетіміздің стратегиялық бағытын айқындауға қатысуға мүмкіндік беретін тарихи сәт.