Текелі қаласындағы №445 референдум учаскесінде «Ұлы дала үні» домбыра-party ұйымдастырылып, референдум қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қазақтың күй өнерін дәріптеген Балалар шығармашылық орталығының өнерпаздары халыққа танымал күйлерді орындап, ұлттық мәдениеттің көркем көрінісін паш етті. Домбыраның қоңыр үні келушілердің көңілін серпілтіп, ерекше атмосфера қалыптастырды.
Референдумға қатысушылар дауыс беріп қана қоймай, ұлттық өнерге елте әсем әуен тыңдап, рухани әсер алды. Көпшілік домбыраның күмбірлеген үніне тәнті болып, өнерпаздарға алғыстарын білдірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың мақсаты – ел өміріндегі маңызды күнді ерекше мазмұнда өткізіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Сонымен қатар, ұлттық өнерді дәріптеп, жас ұрпақтың бойына дәстүрлі мәдениетке деген құрметті қалыптастыру да маңызды.
Ел болашағы үшін аса маңызды жаңа кезеңге жол ашатын референдумға текеліліктер белсенді қатысуда. Солардың бірі Бекжан Жұманбеков: «Мен №445 референдум учаскесіне келіп дауыс бердім. Учаскеге жақындаған сәттен күй күмбірлеп, бойымызда ерекше бір күш кернеді. Ел болашағы үшін аса маңызды республикалық референдумда өнерпаздарымыз халықтың рухын көтеріп жатқаны өте әсерлі. Осындай қолдау мен татулық-бірлік еліміздің ырыс-берекесін арттыра түседі. Ел алдындағы азаматтық парызымызды ұмытпайық, елдік істе әрдайым жұмылған жұдырықтай бірге болайық», – деп лебіз білдірді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *