Ақсу ауданында өткен республикалық референдум барысында Матай ауылыында теміржолшылар әулетінің өкілі Балаубековтар дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Еңбек жолын теміржол саласымен байланыстырған азамат маңызды саяси науқаннан шет қалмай, референдумға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Теміржолшылар әулетінің өкілі ретінде ол ел болашағына қатысты шешім қабылданатын сәтте дауыс берудің маңыздылығын атап өтті.
«Ел болашағына қатысты маңызды кезеңде әр азамат өз таңдауын жасауы қажет. Сондықтан бүгін референдумға қатысып, дауыс бердім», – деді Балаубеков Жубатхан Даниялович.