Ақсу ауданына қарасты Көшкентал ауылындағы №33 референдум учаскесінде 90 жастағы Абенова Зейнепхан үйінен дауыс берді.

Жасы ұлғайғанына қарамастан, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмаған ардақты тұрғын өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Дауыс беру учаскесінің комиссия мүшелері арнайы барып, заң талаптарына сәйкес апамызға үйінде дауыс беруіне мүмкіндік жасады.

«Ел болашағына қатысты маңызды сәтте өз таңдауымды жасау – мен үшін үлкен жауапкершілік», – деді апамыз.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *