Облыс орталығы Талдықорғанда «Туған Тель» татар этномәдени орталығының өкілдері республикалық референдумға қатысып, Жаңа Конституцияның жаңа жобасын қабылдау бойынша өз таңдауларын жасады.
Орталық мүшелері бұл маңызды саяси науқанға белсенді қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай маңызды шешімдерге халықтың қатысуы елдің болашағын айқындауда үлкен рөл атқарады.
«Біз еліміздің дамуы мен болашағына бейжай қарамаймыз. Сондықтан бүгін келіп, өз таңдауымызды жасадық», – деді орталық өкілі.
Айта кетейік, түрлі этномәдени бірлестіктердің референдумға белсенді қатысуы қоғамдағы бірлік пен татулықтың айқын көрінісі болып табылады.