Жетісу облысының І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайныйң директоры Әли Алпысбаев Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының Эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” және “Парасат” ордендерінің иегері, композитор Әли Алпысбаев референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Белгілі өнер қайраткері ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға азаматтық жауапкершілікпен қарап, дауыс берудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азаматтың таңдауы — елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам.
Өнер саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосып жүрген Әли Алпысбаев ел тағдырына бейжай қарамай, референдумға қатысу арқылы азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.