Орта Азиядағы ең ірі құрғақ порт саналатын “Khorgos Gateway” ЖШС Қытайдан Қазақстанға, Еуропалық Одақ елдеріне, Орталық Азияға, Парсы шығанағы мен Каспий аймағына және басқа да бағыттарға жөнелтілетін жүктерді өңдеу, сақтау және ауыстырып тиеу бойынша қызмет көрсетеді. Ұжымдағы 400-ден астам мамандар референдум аясында дауыс беруге кезекте тұр.
“Біздегі қызметкерлер ауысым бойынша жұмыс істейді. Бір ауысымда 50 қызмтекерлерден өзіміз кесте қойдық. Сол бойынша қызметкерлеріміз дауыс беруде. Бұл тарихи күн ғой. Әрқайсымыз осындай маңызды шараға ат салысу біз үшін құрмет”, – дейді компания басшысы Ибрагим Манабаев.