Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Алихан Идрышева референдумға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді. Белгілі өнер иесі №413 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

Әртістің айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың пікірі ерекше маңызға ие. Оның пікірінше, мұндай тарихи кезеңде халықтың белсенділігі елдің дамуына тікелей әсер етеді.

«Еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ортақ іске үлес қосуы керек», — деді ол.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *