Бүгін Қаратал ауданындағы референдум учаскелерінде мерекелік рух пен жоғары белсенділік сезіледі. Еліміздің тағдыры шешілетін маңызды сәтте ауданымыздың түрлі этнос өкілдері, соның ішінде кәріс ұлтының өкілдері де бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бауырларымыз сайлау учаскелеріне ерте келіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
«Қазақстан — біздің ортақ үйіміз. Сондықтан Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге бейжай қарау мүмкін емес. Бұл біздің және келер ұрпақтың болашағы үшін жасалған маңызды қадам», — дейді аудан тұрғындары.
Аудандағы барлық дауыс беру учаскелері қалыпты режимде, жоғары деңгейде жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың бұл белсенділігі, біздің еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықтың шынайы дәлелі.
Біздің күшіміз бірлікте! Әрбір дауыс — ертеңгі күнге деген нық сенім!