Бүгін Текелі қаласының тұрғындары бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетіп, референдумға белсенді қатысуда. Солардың қатарында Текелі қалалық Мәдениет үйінде орналасқан №447 референдум учаскесіне Славян этномәдени орталығы мүшелері жұмылған жұдырықтай бірге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.
«Мұндай маңызды саяси оқиғаларға қатысу – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Бірлік пен татулық – еліміздің басты құндылығы. Бүгін, міне, славян этномәдени орталығының мүшелері тек дауыс беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамдағы ынтымақ пен өзара құрметтің көрінісін паш етті. Түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміз тағы бір белесті бағындырып, өсіп-өркендеудің жаңа кезеңіне өтеді деп сенемін. Болашаққа бірге қадам жасайық, белсенді болайық!», – дейді қалалық славян этномәдени орталығының жетекшісі Константин Нестеров.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *