Жетісу облысына қарасты Сарқан қаласында өткен референдумда ерекше есімді азамат көпшіліктің назарын аударды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен аттас Сарқан қаласының тұрғыны, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген азамат саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол маңызды саяси науқанға қатысуды әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі мен азаматтық борышы ретінде бағалайды.

Мұқағали Мақатаев:

«Еліміздің болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды шешім қабылданатын сәтте әр азамат өз пікірін білдіруі керек. Сондықтан бүгін өз таңдауымды жасап, дауыс беруге келдім», – деді.

Сарқандықтар бүгінгі маңызды қоғамдық-саяси науқанда жоғары белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне жан-жақты келіп жатыр. Осындай тарихи сәттердегі халықтың ауызбіршілігі елдегі демократиялық өзгерістердің нығаюына, мемлекеттік басқару жүйесінің жаңғыруына тікелей әсер етеді. Сарқан ауданының мәдениет қызметкері сияқты өз ісіне адал азаматтардың бастамасы қоғамдағы азаматтық сауаттылықты арттырып, оң өзгерістерге жол ашады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *