Ақсу ауданында республикалық референдумға тұрғындардың келуі жоғары деңгейде өтуде. Таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс беру учаскелеріне келген тұрғындар белсенді түрде өз таңдауларын жасап жатыр.
Көптеген тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ұлттық киіммен келіп, Наурыз мерекесінің қарсаңындағы ерекше атмосфераны сезіндіруде. Учаскелер ұлттық нақышта безендіріліп, музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылған.
Бұл көрініс референдум күніне мерекелік реңк беріп, халықтың бірлігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін айқын көрсетті. Тұрғындар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.