Кербұлақ ауданындағы №186 сайлау учаскесінде Alacem цемент зауытының ұжымы референдумға қатысып, өз дауыстарын берді. Кәсіпорын қызметкерлері учаскеге келіп, ел болашағына қатысты маңызды науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.
Зауыт ұжымы референдумға қатысу – әр азаматтың жауапкершілігі екенін айтып, өз таңдауларын жасады.