Талдықорған қаласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Құқықтық білім – жастар таңдауы» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға 100 студент-жастар қатысып, құқық қорғау органдары өкілдерімен еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Ашық диалог барысында құқықтық жауапкершілік, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығы, қылмыстық қудалау тәртібі, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық білімнің маңыздылығы секілді өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуді «Жетісу жастары» КММ директорының орынбасары Байжурынов Арнай Рахымбердіұлы модерациялап, оның мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне ықпал етті. Іс-шараға спикер ретінде Қорабаев Иманнәсіп Әділетұлы – Талдықорған қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы, Рысбек Шыңғыс Мұқтарұлы мен Қаулыбек Арайлым Ержанқызы – осы бөлімнің прокурорлары қатысып, жастарға заң талаптары мен құқықтық нормалар жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды. Ашық микрофон форматында өткен диалог барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей спикерлерге қойып, белсенділік танытты, бұл олардың құқықтық сауаттылыққа деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті.

Шара соңында студенттер арасында құқықтық тақырыпта quiz ойыны өткізіліп, қорытындысы бойынша белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен бір қатысушы дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды. Аталған ашық диалог алаңы жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіруге және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *