Алакөл ауданы Үшарал қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Адалдық жолдауы» атты профилактикалық акция ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара «Jetisu jastary» КММ-нің филиалы — «Alakol jastary» ұйымының бастамасымен, Алакөл аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және Үшарал қалалық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының бірлескен ұйымдастыруымен Үшарал қаласының Орталық базарында өтті.

Акцияның негізгі мақсаты — қала тұрғындары мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және адалдық, жауапкершілік құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Іс-шара барысында тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамда заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы айтылып, азаматтар заңсыз әрекеттерден сақ болуға және өз құқықтарын қорғауға шақырылды.

Аталған профилактикалық акция аясында 51 жас қамтылды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *