2008 жылы дүниеге келген Потопенко Семен Александрович пен Потопенко Даниил Александрович – Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Шымыр ауылының тұрғындары.

Қазіргі таңда аталған азаматтар Талдықорған қаласындағы заң колледжінде білім алып, болашақ мамандықтарын меңгеруде.

Сайлау науқаны барысында Потопенко Семен Александрович пен Потопенко Даниил Александрович сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс беруге қатысты.

Олардың сайлау науқанына қатысуы – ел өміріндегі маңызды оқиғаларға деген қызығушылықтың, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділіктің көрінісі. Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы әрі ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі.

Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпақ. Сондықтан жас буынның қоғамдық-саяси өмірге араласуы, маңызды мәселелерге бейжай қарамауы және азаматтық белсенділік танытуы ерекше мәнге ие.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *