«Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық идеологиясы аясында Талдықорған қаласында Жетісу облысының қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған «ECO IT: Тазалыққа жол!» атты экологиялық хакатон өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәселелерге деген саналы көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерге заманауи, креативті және тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік беру, сондай-ақ жастар арасында экологиялық белсенділікті арттыру болды. Хакатон экология тақырыбындағы инновациялық идеялар мен тың бастамаларды қолдауға арналған маңызды диалог алаңына айналды.

Хакатонға өңірдің әртүрлі жоғары оқу орындары мен колледждерінен 12-ге жуық команда қатысып, өздерінің экологиялық жобаларын әзірлеп, қазылар алқасының назарына ұсынды. Қатысушылар экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстарын қорғап, командалық жұмыс, көшбасшылық, стратегиялық ойлау және жобалық менеджмент дағдыларын көрсетті. Іс-шара аясында экология, тұрақты даму және қоғамдық белсенділік саласында тәжірибесі мол спикерлер мазмұнды баяндамалар жасап, экологиялық қауіпсіздік, тазалық мәдениеті, жауапты тұтыну және қоғамның экологиялық санасын арттыру мәселелері бойынша ой бөлісті. Атап айтқанда, «Алтын Адам креатив центр» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бакирова Динара Серікқызы, ҚСА Жетісу облысы төрағасы әрі Жетісу облысының студенттік омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы және «Jetisu jastary» КММ директорының орынбасары Байжурынов Арнай Рақымберліұлы спикер ретінде сөз сөйледі.

Хакатон қорытындысы бойынша үздік деп танылған үш жоба арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды: 1-орын «ECO Next» командасына, 2-орын «Help Hand» командасына, 3-орын «Taza Code» командасына бұйырды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, олардың экологиялық бастамаларды дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *