Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлерін газдың қауіпті деңгейде жиналуын анықтайтын датчиктермен жабдықтау жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бүгінгі таңда барлығы 2 322 датчик орнатылды, оның ішінде қосымша 202 датчик көпбалалы отбасылардың үйлеріне қойылды. Аталған жабдықтар Ақсу, Көксу, Кербұлақ, Сарқан, Панфилов, Ескелді аудандарындағы, сондай-ақ Текелі және Талдықорған қалаларындағы тұрғын үйлерге орнатылған.
Көпқабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Өрттің негізгі себептері ретінде электр сымдары мен тұрмыстық құрылғыларды дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау әлі де өзекті болып отыр. Департамент қызметкерлері үйлерді аралап, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібін түсіндіреді, 112 нөміріне уақытылы қоңырау шалу және эвакуациялау жолдарын сақтау қажеттігін еске салады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *