Бүгін Қаратал ауданының Жаңаталап ауылында тұратын Булбул Оразбаева үшін қос қуаныш қатар келді. Мерейлі 60 жасын атап өтіп жатқан ол мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, №147 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

1966 жылғы 29 қарашада дүниеге келген Булбул Мамановна – өнегелі отбасының ұйытқысы, төрт баланың анасы, 11 немеренің әжесі. Бір ұл мен үш қыз тәрбиелеп өсірген ол бүгінде балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Күнделікті еңбегі арқылы бүлдіршіндердің тәрбиесіне атсалысып келеді.

Отбасы мен ұрпақ тәрбиесін өмірінің басты құндылығы санаған жан үшін туған күнінің маңызды қоғамдық науқанмен тұспа-тұс келуі ерекше мәнге ие. Мерейтой иесі сайлауға қатысу арқылы азаматтық ұстанымын білдіріп, ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмады.

Булбул Мамановнаны мерейлі жасымен құттықтай отырып, зор денсаулық, шаңырағына шаттық, ұзақ ғұмыр және бала-шағасы мен немере-шөберелерінің қызығын көруіне тілектестік білдіреміз!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *