ЖРВИ, тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, ЖРВИ 71 383 жағдайы тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе жоғары болғанымен, қазіргі кезде сырқаттанушылық төмендеуде, алдыңғы аптамен салыстырғанда 20%-ға төмен. 14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанғандардың 68% құрайды. ЖРВИ сырқаттанған 1 жасқа дейінгі балалар үлесі өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-дан 2,3%-ға төмендеген.

«Зертханалық дәлелденген тұмау жұқпасының 213 жағдайы  тіркелді, барлығы А(H3N2). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес алдағы эпидемиялық маусымда А(H3N2) вирусы белсенді болатыны болжанған. Облыста А (H3N2) тұмау вирусының белсенділігі вирусқа қарсы популяциялық иммунитеттің төмен болуымен түсіндіріледі, себебі өткен эпидемиялық маусымда тұмау вирусының басқа түрлері (А(H1N1)PDM-09 және B) басым болған»,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.  

Тұмаудан басқа вирустардың басқа да түрлері айналымда бар: риновирус, парагрипп, бокавирус, РС вирус, короновирус.

Оқушылар арасында 7108 ЖРВИ, 58 тұмау тіркелді. Оқушылар арасындағы ЖРВИ, жалпы сырқаттанушылықтың 10% құрайды. Мектептерде оқушылардың сырқаттануы 10% аспайды.

Жағдай бақылауда, тиісті алдын алу шаралары жүргізілуде:

  • жергілікті бюджет есебінен 82 000 доза тұмауға қарсы вакцина сатып алынды, бұл облыс халқының 12,3%-н қамтыды. Жоспарланған 81201 адам 100% иммундаумен қамтылды. Жұмыс берушілердің есебінен 150 адам егілді. Айта кетерлігі вакцина құрамы жыл сайын жаңартылады, құрамында тұмаудың үш түріне (А(H3N2), А (H1N1), В) қарсы компоненттері бар;
  • күн сайын, апта сайын сырқаттанушылыққа мониторинг жүргізіледі;
  • вирустың қай түрі таралғаны бақыланады;
  • білім беру және тәрбиелеу объектілерінде оқушылардың болмау себебін анықтай отырып, күнделікті «таңертеңгі сүзгі» жүргізіледі;
  • емханалардың жұмыс уақыты ұзартылған: таңғы 08.00–ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері: 09.00-18.00. Сүзгі және науқастарды сұрыптау жүргізіледі. Дәрігерді шақырту кезінде медициналық көмек көрсету реттілігі сақталады: 1 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, 60 жастан асқан тұрғындарға бірінші кезекте көрсетіледі.

      ЖРВИ мен тұмаудан сақтану шаралары:

 — тұмауға қарсы екпе қауіпті топтарға (2,3-трим. жүкті әйелдер, мед.қызметкерлер, жиі ауыратын балалар, созылмалы аурулары бар ересектер, жабық ұйымдардың контингенті) жасалады;

— тиімді тамақтану;

— үй-жайларды жиі желдету;

— жеке бас гигиенасын сақтау;

— бетперде қолдану;

— халық тығыз орналасқан жерге бармаған дұрыс.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *