Сарқан қаласындағы №349 сайлау учаскесінде «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері дауыс берді.
Табиғатты қорғау саласында еңбек ететін мамандар мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. Ұжым мүшелері осылайша азаматтық белсенділік танытып, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысты.
Айта кетейік, «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи паркі Жетісу өңіріндегі бірегей табиғи кешендерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау бағытында қызмет етеді.