Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты маңызды өзгерістер қабылданды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңға түзетулер енгізіліп, медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қамту көзделді.

Қазіргі таңда Жетісу облысында 119 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған, оның ішінде 29 мыңнан астамы әлеуметтік әл-ауқаты төмен D және E санатындағы азаматтар. 2026 жылдан бастап бұл санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарналары жергілікті бюджет есебінен төленіп, олардың медициналық қызметтерге қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар жарналар мен аударымдардың жоғарғы шегі ұлғайып, МӘМС жүйесінің кірісі жылына шамамен 200 млрд теңгеге артады. Мемлекет жарналары 2037 жылға дейін кезең-кезеңімен өседі.

Тағы бір маңызды өзгеріс – уақытша қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда сақтандырылған мәртебені 6 айға дейін сақтау мүмкіндігі. Бұл шешім жүйеге тұрақты қатысып жүрген азаматтарды қолдауға бағытталған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *