Қала колледждері мен жоғары оқу орындары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Jet Up League» студенттік шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті. Шара жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сананы күшейту және зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Бұл жолғы додаға қала бойынша 12 команда қатысып, өзара бақ сынады. Жалпы турнирге шамамен 130 студент қатысты. Өткен дода жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, командалық рухты, ерік-жігерді, тәртіп пен бірлікті арттырды. Турнир салауатты өмір салтының нақты үлгісін көрсетті.

Турнирдің негізгі мақсаттары:

– жастарды спортқа тартып, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау;

– құқықтық мәдениетті көтеру және нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру;

– студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты, тәртіп пен жауапкершілікті нығайту.

Ойын бойынша жеңген командаларға арнайы ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды:

I орын – «TenLau» командасы

II орын – «ЖУ универ» командасы

III орын – «Сервис және технология» командасы

Іс-шара барысында «Jetisu jastary» КММ-нің «Ұйымдастыру» бөлімінің маманы Алмекеев Адилет сөз сөйледі. «Ұйымдастырушы ретінде біз үшін «Jet Up League» турнирі – жастар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды алаңы. Биыл мықты ойын, тәртіп және адал бәсекені көрдік. Қатысып, ережені құрметтеген барлық командаларға алғыс білдіреміз. Бұл турнир жақсы дәстүрге айналып, студенттерді спорт пен дұрыс құндылықтар төңірегінде біріктіре береді деп сенеміз» — деді.

«Jet Up League» – спорт, тәртіп және салауатты қоғам құндылықтарын біріктірген маңызды студенттік жоба ретінде бағаланды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *